Ресейдің Самара облысындағы жол апатынан 7 адам зардап шекті
Ресейдің Самара облысындағы жол апатынан екі қазақстандық қаза тауып, жеті отандасымыз зардап шекті. Елге жеткізілген олардың жағдайы орташа ауыр. Жол апаты «Самара – Большая Черниговка» тасжолында болған. Қазақстандық тіркеудегі екі жеңіл көлік соқтығысып, оқиға орнында 31 жастағы жүргізуші мен 9 жасар бала қаза тапты. Түнде апаттан зардап шеккен жеті азамат пен екі адамның денесі Оралға жеткізілді. Қазір екі бала - облыстық балалар ауруханасында, ал бес адам қалалық ауруханада ем алып жатыр. Алты және 15 жастағы қыз балалардың жағдайы ауыр. Миы шайқалып, сан сүйегі сынған.
Диас Жайлаубайұлы, Орал қалалық көпбейінді аурухана директорының орынбасары:
Бір науқас жансақтау бөліміне жатқызылды. Жағдайы ауыр, бірақ қалыпты болып саналады. Екі науқас политравма бөлімшесіне жатқызылды әртүрлі сүйек жарақаттарымен. Жағдайлары орташа ауырлықта. Және бір науқас нейрохирургия бөліміне жатқызылды. Жабық бас ми жарақатымен. Жағдайы орташа ауырлықта.
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» акциясына қатысты
19.09.2026, 21:27
Дүниежүзілік тазалық күні: Еліміз бойынша жалпыхалықтық сенбілік өтті
19.09.2026, 20:30
Астанада тазылар көрмесі өтті
19.09.2026, 19:35
Шымкентте биыл мыңнан астам отбасыға үй беру жоспарланған
18.09.2026, 20:13
Ақмола астығы Еуропа нарығына шықты
18.09.2026, 20:11
Almaty Superski жобасы өңірдің экономикасы мен туризмін дамытуға серпін береді
18.09.2026, 20:11
Абай облысында ЖИ-ді қолдану жиіледі
18.09.2026, 20:06
Президент елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
18.09.2026, 20:05