Түркістан облысында мал ұрлаған 40 күдікті ұсталды
Түркістан облысында өткен жылы мал ұрлаумен айналысқан 16 қылмыстық топ анықталып, 40 күдікті ұсталды. Барымташылар тәртіп сақшыларының жедел-іздестіру және алдын алу іс-шараларының нәтижесінде қолға түскен. Ұрланған 800-ге жуық мал иелеріне қайтарылды. Мәселен Келес ауданында жедел уәкілдер мал ұрлығының үш фактісіне қатысы бар төрт күдіктіні ұстады. Олар жәбірленушілерге жалпы сомасы миллион теңгеден асатын шығын келтірген. Сезіктілерден ұрланған мал мен ГАЗель көлігі тәркіленді. Сонымен қатар ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес қызметкерлері қылмыстық топтардың 13 қатысушысы мен жетекшісін қолға түсірді.
Айнұр Әбілқасымқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16