Қоғамдық көлік жүргізушілерінің талаптары қандай?
Оралда жолаушылар тасымалдайтын қоғамдық көлік жүргізушілері жұмысқа шықпай қалды. Оларға 7 айдан бері медициналық сақтандыру мен зейнетақы жарналары, басқа да әлеуметтік төлемдер уақытылы төленбеген. Соның салдарынан жұмысшылар не емделе алмай, не баспана алуға несие рәсімдей алмай жүр.
Нұрбек Тәженов, қоғамдық көлік жүргізушісі:
Талабымыз - маусым айынан бері пенсионкамыздың түспеуі. Бізге 7-8 ай болды зейнетақы жарнасы түскен жоқ. Медстраховка да, отпускной ала алмай отырмыз. Наурыздан бері ала алмай жүргендер де бар.
Талаптарын айтқан жүргізушілерге қала әкімі келіп, мән-жайды түсіндіріп, мәселені шешуге уәде берді. Қалада жолаушылар тасымалымен айналысатын 6 кәсіпорын бар. Күніне 240-тан астам қоғамдық көлік желіге шығады.
Азамат Халелов, қала әкімінің орынбасары:
Жүргізушілер қазір өздерінің штаттық түрде жұмысына шығып, көліктегі қызметін атқаратын болады. Барлық төлем ақпан айының басында өз графигіне сай түсетін болады. Мемлекеттің төлеп отырған субсидиясы - 5,2 млрд теңге. Алайда бұл толық қамтуға жетпейді барлығын. Сол себепті субсидия көлемі толық түспеуіне байланысты кешігулер бар.
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16