Қостанай облысында тасқын болған ауылға жаңа мектеп салынды
Былтыр тасқыннан қатты зардап шеккен Қостанай облысының қиырындағы Көлқамыс ауылында жаңа мектеп бой көтерді.
Топан судың астында қалған білім ошағының қабырғасы жарылып, нысан апатты жағдайда деп танылған еді. Сондықтан қазір бастауыш сынып оқушылары мәдениет үйінің ғимаратында, ал жоғары сынып 18 шақырым жердегі Көкалат ауылына қатынап оқып жүр. Енді олар келер оқу жылын жаңа ғимаратта бастайды. Мұнда 48 оқушы білім алады. Аумағы 1400 шаршы метрді алып жатқан нысан 2 қабатты, 60 оқушыға шақталып салынды. Құрылысқа «Қазақстан халқына» қорынан 875 млн теңгеден аса қаражат жұмсалды. Былтыр бұл ауылда жаңадан 19 үй ел игілігіне берілген еді.
Оралбике Мырзағалиева, Көлқамыс ауылының тұрғыны:
Мынандай болады деп ойлаған жоқпыз. Көрген түстей болып, жаңа өмір сыйлап жатырсыздар. Бірінші - Үкімет, екінші - сіздердің қолдауларыңыздың арқасында. Алғысымыз шексіз. Балаларымыздың болашағы зор болады. Еліміз бұдан әрі дами береді деп ойлаймын.
Мәдина Нағашыбай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16