Түркістан облысында жеке кәсіпкерлер көбейіп келеді
Кәсіптің сан түрі бар. Түркістан облысы Бабайқорған ауылының тұрғыны Қуат Маратұлы солардың ішінде дәнекерлеу ісін меңгерген. Еңбек адамы бүгінде темірден түйін түйеді. Тапсырысқа сай қақпа, сәкі, темір қоршау сияқты әртүрлі бұйымдарды жасап береді. Шебердің сөзінше, бір қақпаны жасау үшін кем дегенде 4 күн кетеді. Жалғыз өзі бәріне үлгермейтін болған соң, жанына жергілікті үш жігітті жұмысқа тартып отыр. 10 жылдан астам уақыттан бері осы кәсіппен айналысып жүрген ол дәнекерлеу ісі асқан шеберлік пен ұқыптылықты талап етеді дейді. Қазір өндірісте де, шаруашылықта да дәнекерлеуші мамандарға сұраныс артуда. Сондықтан жұмыссыз қалмайтынына сенімді.
Қуат Маратұлы, дәнекерлеуші:
Атамыз осы ауылда, Түркістанда депода дәнекерлеуші болып істеген. Ұсталық қабілет негізі нағашы жақтан да бар ғой. Бқл кәсіптің де ыстық-суығы бар. Өзіңе ұнаған, өзің қызыққан жұмыс қиын болып келмейді ғой.
Айнұр Әбілқасымқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16