Қостанай облысындағы егіс алқаптарына киіктердің зардабы тиюде
Қостанай облысының Амангелді, Жангелдин аудандарында егіс алқаптарын киік таптап жатыр.
Былтыр да шегіртке мен киіктен алқаптарын қорыған шаруалар гектарынан 9 центнерден өнім алған. Биыл тіпті шығынға батамыз ба деп алаңдаулы. Осы көктемде шалғайдағы аудандардың диқандары 29 мың гектарға майлы дақыл, 190 мың гектарға бидай екті. Енді қазір қып-қызыл еңбек киіктің тұяғының астында қалды, дейді олар. Сондықтан шабындық пен егістіктерді қорғау үшін 9 мобильді топ құрылды.
Петр Бураченков, Орман шаруашылығы аумақтық инспекциясы басшысы орынбасарының міндетін атқарушы:
Қазір инспекция «Охотзоопром»,«Наурызым» қорығы мен «Алтын дала» табиғи резерват қызметкерлері жергілікті шаруаларға киіктерді қуысып жатыр. 15 мамырдан бастап 23 адамнан тұратын бригада жұмысын бастады. Ортақ чат құрылды. Шаруалар киік түскен бетте хабарлап отырады. Ал өңірдегі киіктердің биылғы саны әзір белгісіз.
Мәдина Нағашыбай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16