Астанада қайтарылған активтер есебінен жаңа стадион салынып жатыр
Астанадағы Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы жаңа стадионның құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Жоба құны – 17 млрд 200 млн теңге. Қаржы мемлекет меншігіне қайтарылған активтер есебінен бөлінген. Бұған дейінгі ескі арена өткен ғасырдың алғашқы жартысында салынған еді. Кейінгі 10 жылда апатты жағдайда тұрды. Ал ендігі арена УЕФА талаптарына толық сай болмақ. Екі жағында орналасқан трибуналарда 3600 орын қарастырылған. Замануи құралдармен жабдықталатын спорт кешені жыл соңына дейін қолданысқа беріледі, дейді мамандар.
Нұрдәулет Еркен, қалалық құрылыс басқармасының бас маманы:
Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадион жобасы іске асуы 2024 жылдың қыркүйек айында басталған. Қаржыландыру көзі мемлекетке қайтарылған активтер есебінен салынуда. Қазіргі таңда металлоконструкциялардың қаңқасын тұрғызу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Балалардың ойын ойнауына, жаттығуына қолайлы жағдай жасалады.
Ернұр Медет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16