Елімізде отандық кәсіпорындарды қолдау күшейтіліп жатыр
Үкімет отандық кәсіпорындарды қолдау үшін сатып алудың жаңа жолдарын енгізіп жатыр. Енді ұзақмерзімді келісімшарттар мен оффтейк-келісімдер кеңінен қолданылады. Мемлекеттік сатып алу ісінде шетелдік тауарларға қойылған шектеулер күшейеді. 5 мыңға жуық тауар түрін ұлттық режимнен шығару көзделген. 2025 жылдың алғашқы 6 айында 333,4 млрд теңгеге 106 мыңнан астам келісімшарт жасалыпты. Бұл былтырғымен салыстырғанда екі есе көп. Бұдан бөлек, отандық тауар өндірушілердің бірыңғай тізімі әзірленіп жатыр. Жаңа жүйе арқылы нағыз отандық компаниялар мемлекет тарапынан қолдауға ие болып, сатып алуларға басымдықпен қатыса алады.
Ерсайын Нағаспаев, ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі:
2025 жылдың қаңтар-маусым айларында олардың саны 968-ге жетіп, 1,132 трлн теңгені құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,9 есе көп. Бұл Мемлекет басшысының халықаралық инвесторлармен әріптестікті кеңейту және жобаларды «бастан соңына дейін» іске асыру жөніндегі тапсырмасына толық сәйкес келеді.
Ернұр Медет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16