Ұлттық банк несие беру жүйесіне шектеулер енгізеді
Енді несие алу қиындайды. Ұлттық банк тұрғындарға қарыз беру жүйесін қатаңдатпақ. Себебі халықтың берешегі шектен тыс көбейіп барады. Банктер өзінде көбірек капитал ұстауға міндетті. Демек, алдағы уақытта клиентті мұқият тексеріп, төлем қабілеті жоғары адамдарға ғана несие береді. Сонымен қатар пайыздық мөлшерлемелерге шектеу қойылады. Қаржы ұйымдары қарыздан тым жоғары үстемақы ала алмайды. Бұл тұрғындарды артық шығыннан қорғауға бағытталған. Биылғы шілдедегі дерек бойынша елдегі банктердің активтері 64,8 трлн теңгеге жетіп, депозиттік база 44,1 трлн теңгеге өскен.
Ернұр Медет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16