Түркияда министрге айыппұл салынды
Түркияның Көлік және коммуникация министріне автокөліктің жылдамдығын шамадан тыс арттырғаны үшін айыппұл салынды. Анкара мен Ниғде қалалары арасындағы жаңа салынған жолды тексеру үшін өз көлігімен сапарға шыққан шенеунік сағатына 225 шақырым жылдамдықпен жүрген. Бұл видеоны өзінің әлеуметтік желісінде бөліскен. Көп ұзамай, жылдамдықты шамадан тыс арттырған министр Абдулкадир Уралоғлына 9 267 лира айыппұл жазылды. Бұл шамамен 120 мың теңге. Жағдайды түсіндірген министр жаңа жолды тексеру кезінде байқамай жылдамдықты асырып жібергенін айтып, кешірім сұрады.
Айдос Әшімұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16