Бауырлас елдер арасындағы байланыс беки түспек
Қазақстан мен Түркия арасында әр салада байланыс артып келеді. Конституция күніне орай Стамбұлда түркиялық жетекші ақпарат құралдарының қатысуымен баспасөз жиыны өтті.
Қазақстанның Түркиядағы елшісі Еркебұлан Сәпиев пен Станбұлдағы Бас консулы Нуриддин Аманқұл шетелдік журналистердің сұрақтарына жауап беріп, елімізде атқарылып жатқан игі істер жайлы мағұлматпен бөлісті.
Атап айтқанда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Заң мен тәртіп» бағытына негізделген реформалары талқыланды. Жиында сондай-ақ, Мемлекет басшысының 29 шілдеде Түркияға жасаған ресми сапары аясында қол жеткізілген келісімдер туралы да әңгіме өрбіді.
Саит Екен, «ТГРТ» арнасынаң бас директоры
Ақпарат құралдарымен кездесу бауырлас елдер арасындағы байланысты нығайту үшін өте маңызды. Мәселен, жақында ғана Түркістан қаласына арнайы барып, Қазақстанның тарихы мен бүгінгі дамуын өз көзімізбен көріп келдік. Енді осы сапарымыз туралы деректі фильмдер топтамасын шығарамыз.
Айдос Әшім
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» акциясына қатысты
19.09.2026, 21:27
Дүниежүзілік тазалық күні: Еліміз бойынша жалпыхалықтық сенбілік өтті
19.09.2026, 20:30
Астанада тазылар көрмесі өтті
19.09.2026, 19:35
Шымкентте биыл мыңнан астам отбасыға үй беру жоспарланған
18.09.2026, 20:13
Ақмола астығы Еуропа нарығына шықты
18.09.2026, 20:11
Almaty Superski жобасы өңірдің экономикасы мен туризмін дамытуға серпін береді
18.09.2026, 20:11
Абай облысында ЖИ-ді қолдану жиіледі
18.09.2026, 20:06
Президент елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
18.09.2026, 20:05