Еуропарламент депутаттары Республика күнімен құттықтайды
«Талай
асуды бағындырып, биік белестен көрінген Қазақстанның әлемдік аренадағы абыройы
әрқашан асқақ болсын!». Бұл Еуропалық парламент депутаттарының Республика күні
мерекесіне тілегі. Қазақ елімен саяси-экономикалық қатынасты күшейтуге күш
салып жүрген еуропалықтар мызғымас экономика қалыптастырып, аз уақытта азулы елдер
санасатын дәрежеге жеткен Қазақстанның даму жолына жоғары баға беруде.
Вилис Криштопанс, Еуропалық парламенттің депутаты:
Еуропалық комиссия, ЕуроОдақ елдері Қазақстанмен ынтымақты арттыруға мүделлі. Себебі, Қазақстан Қытай мен ЕуроОдақ арасындағы маңызды көпір. Елдеріңіз арқылы теміржолмен Еуропаға қомақты жүк тасымалы жүргізілуде. Қазақстан талай белесті бағындырды. Елдеріңіз әрі қарай да өркендей берсін. Егемендікті бағалап, оны мәңгі қастерлей біліңіздер.
Томаш Здеховский, Еуропалық парламенттің депутаты:
Елдеріңіздегі демократиялық реформалар, саяси экономикалық өзгерістер Қазақстанның Орталық Азиядағы көшбасшы мемлекет екенін көрсетеді. Қазақстан мен ЕуроОдақ мызғымас дос, сенімді серіктес ретінде өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуда. Елдеріңізге бейбітшілік, мол табыс тілеймін!
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«КИСИ GPS»: Петропавлда жаңа Конституцияны және оны іске асырудағы өңірлердің рөлі талқыланды
29.07.2026, 15:28
Құрылтай қоғам мен саяси ұйымдар арасындағы байланысты нығайтады
29.07.2026, 13:12
Түркістан облысына жыл басынан бері 762 мыңнан астам турист келген
29.07.2026, 13:11
Қарағанды облысында 18 мектептің ғимаратына күрделі жөндеу жүріп жатыр
29.07.2026, 13:10
Есту қабілетіндегі ақауды ерте анықтайтын алғашқы орталық ашылды
29.07.2026, 13:10
АҚШ-та чиптерді зерттейтін қондырғы орнатылады
29.07.2026, 13:09
Қостанай облысында шекарадан 7 мың литр жанар-жағармай тәркіленді
29.07.2026, 13:09
Ақ үйде Трамп пен Зеленский келіссөз жүргізді
29.07.2026, 13:08