Биыл елімізде 90 жаңа мектеп бой көтермек
Биыл Қазақстанда шамамен 47 мың оқушыға арналған 90 жаңа мектеп салу жоспарланып отыр. Оқу-ағарту министрлігі осындай жоспарын бөлісті. Былтырғы жылдың қортындысы бойынша, елде 236 мың оқушыға арналған 162 мектеп бой көтерген. Сондай-ақ қолданыстағы орта білім ордаларының ғимараттары жаңғыртылып жатыр. Мысалы, 2029 жылға дейін 1300 мектеп күрделі жөндеуден өтуі керек. Ал «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында 460 мың орындық 217 мектеп салынған. Мұндай білім ордалары қолданыстағы ғимараттарға қарағанда 15-20 пайызға кең, техникалық жабдықталуы төрт есе жоғары. «Бұл оқушылардың заман талабына сай білім алуына мүмкіндік береді», дейді жауапты министрлік өкілдері.
Гүлбақыт Жүнісова, ҚР ОМ Орта білім беру комитеті төрағасының орынбасары:
Кейінгі жасалған талдаулардың нәтижесінде осы жаңа мектепте оқитын оқушылардың білім сапасы 5-8 пайызға дейін көтерілген. Келешек мектептерінің 84-і ауылдық жерлерде орналасқан. Ол 40 пайызға жуық. Сондықтан ауыл мен қала арасындағы білім сапасындағы айырмашылықты жоюға үлкен әсерін тигізуде.
Автор
Елдос Есенбол
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16