Семейлік кәсіпкер сүт өндірісін жандандыруда
Тынымсыз еңбектің нәтижесінде, бүгінде ірі шаруашылық басшысы атанды. Марат Халықовтың негізгі мамандығы - энергетик. Он жыл бұрын ауылда тұрды. Жұмысы қысқарғанда, қалаға қоныс аударуға мәжбүр болды.
Шаһарға келгенде де, әрине дайын тұрған кәсіп болмады. Сондықтан қолдан келген істен тартынбады. Бастапқыда бес-алты сиырды ұстап, сүтін ұқсатты.
Сөйтіп талпынып жүріп азын- аулақ малын табынға жеткізді. Енді өңірдегі ірі шаруашылықтың иесі.
Бұл жетістік бірінші - маңдай тердің, екіншіден мемлекеттің еңбекқор жандарға жасап отырған қамқорлығының арқасы, деп санайды.
Марат Халықов, шаруа қожалығының жетекшісі:
Қандай жұмыс істеймін десе де жолдар ашық. Көмек бар үкімет тарапынан. Әсіресе, ауыл шаруашылығын дамытып жұмыс істеймін деген азаматтарға үлкен көмек болып жатыр. Төмен пайызды кредиттер бар, сүтке төленетін субсидиялар бар.
Қазір Марат Халықовтың ет және сүт бағытындағы ірі шаруашылықтары бар. Солардың бірі -Семейдің шетіндегі Стеклянка ауылындағы сиыр фермасы. Мұнда қазір 300 асыл тұқымды сиыр бағылуда. Тәулігіне 2 тоннадан астам сүт дайындайды. 50 адам жұмыспен қамтылған.
Қуат Қалиханұлы, ферма меңгерушісі:
Жеңіл жұмыс болмайды. Әрі мал шаруашылығы ауырлау. Әрқашанда ерінбеу керек. Таңның атысы, кештің батысы жүру керек.
Бүгінде шараушылықтың цехында сүт өнімдерінің 9 түрі жасалады. Марат Халықовтың сапасы жоғары өніміне халықтан сұраныс көп. Сондықтан еңбекшіл жан өндіріс көлемін еселеп, өнімнің жаңа түрлерін жасауды да жоспарлап отыр.
Ержан ЖАҚЫП
Автор
Ержан Жақып
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16