Пара ұсынған шенеунік ұсталды
Алматы облысы бойынша Қазынашылық департаментінің басшысы қаржы полициясы қызметкеріне 900 мың теңге пара беріп жатқан жерінде ұсталды. Шенеунік қаржы ұсыну арқылы інісінің атына тіркелген кәсіпорынды тексеру бойынша оңтайлы шешім қабылдауды сұраған.
Шенеуніктің інісі басшылық еткен құрылыс компаниясы Жаркент қаласында тұрмыстық қалдықтар полигонын салу керек болатын. Қаржы полициясы тексеріс кезінде ол жерде 12 миллион теңгенің қолды болғанын анықтады.
Жалпы, Алматы облысында 2013 жылы 500-ден астам қылмыс анықталып, келтірілген шығын көлемін 10 миллиард теңгеге жетіп отыр. Оның ішінде 89 іс сыбайластық-жемқорлық болса, 293-і экономикалық қылмыс.
Талғат Сәдуақасов, Алматы облыстық қаржы полициясының басшысы:
Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 312-бабы, 4-ші бөлігі, «А» тармағымен қылмыстық іс қозғалып, Іргебаев Талдықорған қалалық сотының санкциясымен қамауға алынды.
Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ
Автор
Қуаныш Қанатұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16