Поштадан ақша ұрлағандар ұсталды
Қостанай облысында қомақты ақшаны жымқырған ұрылар қолға түсті. Қылмыс қаңтардың 15-інен 16 -сына қараған түні Құсмұрын кентінде болған. Күдіктілер осы кенттегі «Қазпошта» бөлімшесінен 10 миллион теңгені жымқырып тайып тұрған.
Бұл қаражат зейнетақы мен басқа да әлеуметтік төлемдерге арналған. Қылмыс 20 күннің ішінде ашылды. Ұрлық жасағандар Құсмұрын кентінің 33 және 46 жастағы екі тұрғыны екені анықталды.
Ауылдан ізін жасырып үлгерген күдіктілерді полицейлер қаладағы жалдамалы пәтерде қолға түсірді. Оларды ұстау кезінде айғақ зат ретінде 2 миллион 700 мың теңге тәркіленген. Қалған ақшаны күдіктілер жұмсап үлгеріпті.
Ербол Дербесов, Қостанай облыстық ІІД Криминалдық полиция басқармасының бастығы:
Олар бұрын сотталған, Құсмұрын кентінде тұрған. Жұмыс істеуге Қостанай, Рудный қалаларына барып жүрген. Тұрақты кәсіптері болмаған. Жасаған қылмыстары ауыр болып есептеледі. 10 жылға дейін бас бостандықтарынан айрылуы мүмкін.
Дәуренбек ӘБДІБЕК
Автор
Дәуренбек Әбдібек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16