Алматы облысында алақанымен тас сындыратын қария тұрады
Таусоғарлар әлі де бар дегенге сенесіз бе? Алматы облысында алақанымен тас сындыратын азамат тұрады. Жас жігіт болса сенер едік. Ал жасы сексеннен асқан қарияның тасты қолымен қақ жаратынына екінің бірі илана қояр ма екен?
Секен Төлеубековтің дәл осылай тас сындыра бастағанына 20 жылдан асты. Өмір бойы трактор жүргізіп, қара жұмыс істеген қарт бұл еңбекпен келген күш-қуат, дейді. Сондай-ақ, салауатты өмір салтын ұстануы мен рухы мықтылығы да тау қопарып, тасты уатуға көмектесетін көрінеді.
Секен Төлеубеков, Сарқан қаласының тұрғыны:
Адам өзін-өзі жақсы ұстауы керек. Жақсы дайындалуы керек. Көп нәрсеге ермеу керек.
Ауылдағы қарапайым зейнеткер осы өнерінің арқасында елге таныла бастады. Көптеген бағдарламаларға қатысып, көрерменнің көзайымына айналып үлгереді. Сексеннен асқан атасының мықтылығын немере-шөберелері де мақтаныш тұтады.
Талшын Рахатқызы, шөбересі:
Менің атам теледидарға өте көп түседі. Біздің атамыз «Аймақтар аламанына», «Айтуға оңайға», және «Таңшолпанға» түсті.
Қуаныш Қанатұлы, тілші:
Сырт көзге қарағанда, бәрі оп-оңай сияқты. Ұрдың-соқтың, шағылды. Бірақ, бұл тасты сындырмақ түгілі, қолды сермеудің өзі ерекше ерік пен жігерді қажет етеді.
Сондықтан, Секен қария көрермендерден бұны қайталамауын сұрайды. Және ешкімге үйретпеуге тырысады. Салдары қауіпті.
Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ
Автор
Қуаныш Қанатұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Үкіметте балалардың жазғы демалысы мен инклюзивті білім беру мәселелері қаралды
31.07.2026, 20:40
«Болашақ ойындары-2026»: Баскетболдан турнир өтіп жатыр
31.07.2026, 20:30
Қазақстанның даму банкі ірі жобаларға қаржы құяды
31.07.2026, 20:23
Құрылтай сайлауына қатысатын саяси ұйымдардың үгіт-насихат жұмыстары қыза түсті
31.07.2026, 20:13
«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын тағайындау жөніндегі комиссияның қорытынды отырысы өтті
31.07.2026, 20:11
Лудоманияға қарсы шектеулер оң нәтиже беріп жатыр
31.07.2026, 20:06
Банктердің төлем қабілетсіздігін реттеудің жаңа моделі енгізілді
31.07.2026, 20:05
Ресейге қарсы ең ірі санкциялар пакеті қабылданды
31.07.2026, 20:03