Мүмкіндігі шектеулі балалар спектакльге қатысады
Павлодарлық мүмкіндігі шектеулі балалар спектакльге қатысып, рольдерді сомдамақ. Нақтырақ айтқанда, олар қуыршақтар арқылы ойын көрсетеді.
Бұл - Алдар көсенің жаттанды әзілі. Ал, көркемсөзді айтып, қуыршақты қимылға келтіріп тұрған актер жұлыны қысылып, жүруден қалған жас бала. «Самал» орталығы бұл спектакльді алдымен мектептерде көрсетіп, сәл кейін үлкен сахнаға шығармақ.
Әлия Асанова, І топтағы мүгедек:
Бұл - менің сүйікті қуыршағым. Есімі - Қарлығаш. Айтқанымнан шықпайды. Қолын қимылдатады, аяғын қозғайды. Өте тілалғыш, әрі пысық.
Василий Кулаков, ІІ топтағы мүгедек:
Қазір үлкен сахнада өнер көрсетуге дайындалып жатырмыз. Алдар көсе мен бремендік музыканттар ертегісі маған қатты ұнайды. Ал, көрерменге шығару қиын әрі қорқынышты екен.
Қуыршақты сөйлетіп, оны қимылға келтіру асқан шеберлікті қажет етеді. Ал, жүйкесі зақымданған немесе сал болып туылған балаларға бұл кәдімгі ем. Яғни, медицина тілімен айтқанда, еңбек және ойын көрсету терапиясы. Екіншіден, балалар кәсіпті үйренеді. Өйткені, қолға киіп ойнайтын қуыршақтарды өздері жасайды.
Пернегүл Омарова, суретші, мүсінші:
Мүгедек балалар бір кәсіпті үйренуі керек. Болашақта өз нандарын табатындай жағдайда болуы керек.
Пернегүл Омарова Алматыдағы «Ғасырлар бесігі» атты тұңғыш авторлық музейді ашқан. Енді жүріп-тұруы қиын балаларды қуыршақты қимылға келтіріп спектакльдегі рольдерді сомдауға дайындап жатыр. «Тегін еңбектенемін, ем болса екен деген тілекпен», дейді ол.
Болат АМАНБАЕВ
Автор
Болат Аманбаев
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16