Қостанай облысының әкімі халыққа есеп берді
Әр тұрғынға шаққанда, аймақтық жалпы өнім көлемі 2013 жылы 10 пайызға өскен. Биыл болжам бойынша бұл көрсеткіш тағы 6 пайызға көтерілуі тиіс. Халық алдында есеп беру жиынында әкім осындай жалпы мәліметтерді келтіре келе, әр салаға жеке тоқталды.
Индустрияландыру картасы бойынша былтыр 58 кәсіпорын іске қосылған. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, Тобыл өңірінің диқандары былтыр жақсы өнім алды. Гектарынан 11,5 центнерден түсім болып, 5 миллион тоннадан астам астық жиналды.
Бұл - республика бойынша жиылған өнімнің төрттен бірі. Мал басы да артқан. Соңғы үш жылда алыс-жақын шетелдерден облысқа 12 мыңға жуық ірі қара әкелінген.
Нұралы Сәдуақасов, Қостанай облысының әкімі:
Біздің халық үшін мынадай кең-байтақ далада шаруашылық жүргізу дәстүрлі сала болып келеді, тіпті мемлекеттің қолдауынсыз жүргізуге болады. Ал бүгінгі таңда «Агробизес» бағдарламасы жайылымдық мал шаруашылығын дамыту үшін қаржылық көмек қарастырып отыр. Енді сіздер күтіп отырмауларыңыз керек.
Дәуренбек ӘБДІБЕК
Автор
Дәуренбек Әбдібек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16