Парақор басшы ұсталды
Қостанай облысындағы Жітіқара қалалық Сәулет және қала құрылысы бөлімінің бастығы, пара алып жатқан жерінде ұсталды. Мекеме басшысы жер телімін беріп және оны бас жоспарға енгізу үшін қала тұрғынынан 500 мың теңге талап еткен. Оның заңсыз әрекеті туралы қаржы полициясына қала тұрғындарының бірі хабарлапты.
Енді шектен шыққан шенеуікті әшкерелеген азамат ақшалай сыйлыққа ие болады. Жыл басынан бері қостанайлық қаржы полицейлері жемқорларды ұстауға жәрдемдескен 3 тұлғаға 340 мың теңге сыйақы төлеген. Ал жітіқаралық жемқор архитекторды алда әділ жаза күтіп тұр.
Рустам Садықов, Қостанай облыстық қаржы полициясының баспасөз хатшысы:
Қазіргі таңда оған қатысты ҚР ҚК 311 бабының 2 бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалып сотқа дейінгі жеңілдетілген өндіріспен аяқталды. Қылмыстық Кодекс бойынша бұл қылмыс үшін 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған.
Дәуренбек ӘБДІБЕК
Автор
Дәуренбек Әбдібек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16