Павлодарда жүз жасаған алты абыз ана бар
Бағалы сыйлық емес, адамға адамның ілтипаты қымбат. Бұл - павлодарлық қария Кәмеш Қайырбекованың пікірі. Жалпы қазіргі уақытта Кереку өңірінде жасы 100-ден асқан көкірегі шежіреге толы алты абыз ана бар.
1912 жылы Май ауданына қарасты Еңбекші ауылында дүниеге келген Кәмеш әже биыл 102 жасқа толды. Қария «Батыр ана» атағын Кеңестік заманда алған екен. Аман-есен ержеткен 12 баласынан 15 немере, 30 шөбере көріп отыр. Тіптен, бүгінде шөпшектерін де бауырына басып тәрбиелеп жатыр.
Облыс әкімі Қанат Бозымбаев қос ғасыр куәгерін Әйелдер күнімен құттықтап, сый-сияпат жасады. Ауылда тұрдым, жастайымнан еңбекке араластым. Зейнет жасына шыққаннан соң да жұмыстан қол үзген жоқпын. Ұзақ ғұмыр кешуімнің бар құпиясы осы ғана, дейді Кәмеш Қайырбекова.
Кәмеш Қайырбекова, 102 жастағы ана:
Тілектер қабыл болсын! Бәрімізге жақсылық тілеймін.
Болат АМАНБАЕВ
Автор
Болат Аманбаев
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16