Жас отбасыларға пәтер кілті табысталды
Наурыз тойы басталды елде бүгін, даламызды әлдилеп, тербеді үнің. Наурыз - ырыс, берекеге толы мейрам. Самарқанның көк тасы еріп, адамдардың бойына қайырымдылық нұры құйылатын шақ.
Мерекеде Екібастұз қаласында пәтер кезегінде тұрған, ата-анасыз өскен жастарға 26 пәтердің кілті табыс етілді.
Мұндай қоныс тойы Павлодар қаласында да өтті. Шаһардың қақ ортасында тоғыз қабатты тұрғын үй тапсырылды. Бұл нысан «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасына қатысушыларға арналып салынған.
Егін салып, мал өсіруге қолайсыз, болашағы жоқ ауылдық жерлерден келіп, қаладан тұрақты жұмыс тапқан 143 отбасы баспаналы болды.
Солардың бірі - Майгүл Иманқұлова. Ол қысқа курстық дайындықтан өтіп, сауда орталығына жұмысқа орналасты.
Майгүл Иманқұлова, жаңа пәтер иесі:
Менде үш мереке. Кеше ұлымның туған күні, бес жасқа толды. Бүгін пәтердің кілтін алдым. Ертең Наурыз - тойы. Осыдан артық бақыт бар ма? Мемлекетке рахмет!
Болат АМАНБАЕВ
Автор
Болат Аманбаев
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16