Қазақстандық патриотизм - ел болашағының іргетасы
Жаңа қазақстандық патриотизмнің идеялық негізінде ел болашағының іргетасын қалаған басты құндылықтар жатыр. Осы құндылықтарымызды қастерлеу арқылы мемлекет әлі де биік белестерді бағындыра алады.
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің өкілдері жетісулық жастармен кездесуінде негізгі әңгімені осы тақырыпта өрбітті. Елбасының биылғы Жолдауын түсіндіруге келген үгіт-насихат тобы өскелең ұрпақты өз Отанының патриоты болуға шақырды.
Туған жерді, елді сүю, Отанды қорғау, оған қалтқысыз қызмет ету. Бұл - бүгінгі Қарулы күштер қатарындағы жауынгер мен әрбір шенді офицердің мақсаты. Алматы облысындағы әскери бөлімдер тығыз орналасқан қалаларды аралап жүрген үгіт-насихат тобының құрамында әскери оркестр мен жеке орындаушылар өнер көрсетті. Концерттік бағдарламада негізінен патриоттық әндер орындалды.
Қайрат Жүнісов, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері:
Егеменді еліміздің болашақта дамуы үшін, болашақта жақсы мемлекет болу үшін патриоттық тәрбие аса бір керекті шара, деп ойлаймын.
Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ
Автор
Қуаныш Қанатұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16