Александр Бузыкин: Басты міндет - ел бірлігі
Жетісу өңірі өзінің көпұлттылығымен де танымал. Әр заманда бұл өңірге славяндар, корейлер, шешендер мен күрдтер көптеп қоныстанды.
Бүгінде Алматы облысында тұратын орыстар саны 300 мыңнан асады. Сүттей ұйыған татулығын ту етіп, мемлекеттің өркендеуі үшін әр түрлі салада еңбек етіп жатқан жайлары бар.
Облыстық орыс этномәдени бірлестігінің төрағасы Александр Бузыкин керамзит өндіретін зауытты басқарады. Бұл кәсіпорын жылына 100 мың тонна керамзит және 44 миллион дана кірпіш өндіреді. 270 адам еңбек ететін серіктестік қоғамдық жұмыстарды қаржыландырумен де айналысады. Кәсіпкер «Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі - бүгінгі заман қажеттілігі»,- дейді.
Александр Бузыкин, кәсіпкер:
Ассамблеяның әрбір сессиясында Елбасы бізге тапсырмалар береді. Біз сол тапсырмаларды жер-жерде орындауға бар күш-жігерімізді саламыз. Биылғы сессиядан да күтеріміз көп. Ең басты міндет - ел бірлігі, рухани құндылықтарымыздың ұрпақтан-ұрпаққа берілуі.
Орыс этномәдени бірлестігі аясында «Харуат» балалар орталығы құрылған. Бұл жерде ән-би, қолөнер сынды 10 шақты үйірме бар. 300-ге жуық бала мен жасөспірім сабақтан кейінгі бос уақыттарын осы жерде өткізеді. Орталықта тек орыстар ғана емес. басқа ұлт өкілдерінің бүлдіршіндері де бар.
Юлия Громенко, Балпық би кентінің тұрғыны:
Осы орталықта ән айтамыз, сурет саламыз, сабақ оқимыз, қазақ тілін үйренеміз. Біздің орталықта бейнелеу өнері студиясы бар. Осы студияда балалармен сыйлықтар жасаймыз.
Орталықта 8 мыңнан аса кітап қоры бар кітапхана да жұмыс істейді. Оның кітап қорын толықтырып отыруға Ресейдің Қазақстандағы Елшілігі де атсалысады. Тұрақты оқырмандар саны 200-ден асады. Онда да өзге ұлт өкілдері көптеп келіп тұрады.
Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ
Автор
Қуаныш Қанатұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Үкіметте балалардың жазғы демалысы мен инклюзивті білім беру мәселелері қаралды
31.07.2026, 20:40
«Болашақ ойындары-2026»: Баскетболдан турнир өтіп жатыр
31.07.2026, 20:30
Қазақстанның даму банкі ірі жобаларға қаржы құяды
31.07.2026, 20:23
Құрылтай сайлауына қатысатын саяси ұйымдардың үгіт-насихат жұмыстары қыза түсті
31.07.2026, 20:13
«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын тағайындау жөніндегі комиссияның қорытынды отырысы өтті
31.07.2026, 20:11
Лудоманияға қарсы шектеулер оң нәтиже беріп жатыр
31.07.2026, 20:06
Банктердің төлем қабілетсіздігін реттеудің жаңа моделі енгізілді
31.07.2026, 20:05
Ресейге қарсы ең ірі санкциялар пакеті қабылданды
31.07.2026, 20:03