Қостанайда 13 адам астан уланып ауруханаға түсті
Қостанайда 13 адам астан уланып, ауруханаға түсті. Болжам бойынша олардың барлығы жапондық мейрамханада тамақтанған соң өздерін жайсыз сезінген. Науқастар бір күнде емес, бұл дәмханаға сәуірдің 9-ы мен 11-і аралығында келгендер. Ас ішіп шыққан соң олардың жүрегі айнып, қызуы көтерілген.
Дәрігерлер бәрінен ішек инфекциясы анықталғанын хабарлады. Жергілікті Тұтынушылар құқығын қорғау департаменті мамандары қазір адамдардың нақты неден ұшынғанын тексеруде. Ал дәмхана, «суық су жоқ» деген желеумен жұмысын уақытша тоқтатқан. Алайда оны тексеріп, шара қолдануға әзірге құзырлы орындардың құқы жоқ.
Гүлсім Мәруарқызы, қалалық Тұтынушылар құқын қорғау басқармасының бас маманы:
Жеке мекемелерді тексеруге мораторий жарияланғандықтан, біз кафені тексере алмаймыз. Өйткені бізге рұқсат жоқ. Рұқсатты бізге Бас прокуратура ғана береді. Қазір Бас прокуртураға тексеруге рұқсат алу үшін болған оқиға туралы мәліметтерді жазып жібердік.
Дәуренбек ӘБДІБЕК
Автор
Дәуренбек Әбдібек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16