Павлодарда жол апатынан үш бала қаза тапты
Павлодарда жол апатынан мектеп жасындағы үш бала қайтыс болды. «Ақсу-Павлодар»бағыты бойынша келе жатқан шағын автобус тепловозға соғылған.
Қолда бар мәліметке қарағанда, кәсіптік-техникалық лицей студенттері Ақсу ферроқорытпазауытына өндірістік тәжірибеден өтуге барған. Қайғылы оқиға олар үйлеріне қайтып келе жатқанда болған.
Қазіргі уақытта бес жасөспірім аурхананың жансақтау бөлімінде жатыр. Қайтыс болған балалардың біреуі апат орнында, екеуі ауруханада жантәсілім етті.
Полицияның мәліметі бойынша, апатқа шағын автобус жүргізушісі кінәлі. Лицей оқушыларын тасымалдауға арнайы көліктің бөлінбеуі жеке тексеріледі.
Ерлан Рысбаев, әкімшілік полиция басқармасының бастығы:
Жүргізуші өзі ферроқорытпа зауытында жұмыс істейді. Үйіне барар жолда қалаға бара жатқан жолаушыларды алған. Теміржолдан өтіп бара жатқан тұста осындай оқиға болды.
Болат АМАНБАЕВ
Автор
Болат Аманбаев
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16