Талдықорғанда қару-жарақ табылды
Талдықорған қаласының «Шығыс» шағын ауданының гараждарының маңынан қару-жарақ табылды. Қауіпті заттарды қала тұрғыны тауып, дереу тәртіп сақшыларына хабарласқан.
Оқиға орнына барған «Арлан» арнайы жасағының қызметкерлері жарылғыш заттардың бар екенін растап, маңайды қоршауға алды. Ол жерден 2 оқыту әуе бомбасы, жарылғышсыз екі миномет снаряды, бір Ф-1 гранатасы, ірі калибрлі әуе пулеметінің 2 гильзасы және жиырма 5,45 мм калибрлі оқ табылды.
Қазір бұл қару жарақтарды ол жерге кім, қалай әкелгені анықталуда.
Жанар Төлегенқызы, облыстық ІІД баспасөз қызметінің бас маманы:
Талдықорған қаласынан оқ дәрілер мен граната табылды. Гранаталардытот басқан. Сол себепті «Арлан» арнайы мақсатты бөлініс қызметкерлері әскери полигонда жойды. Ал қалған оқ дәрілер тиісті сараптама тағайындау үшін Алматы облысы бойынша әскери-тергеу басқармасына жолданылды.
Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ
Автор
Қуаныш Қанатұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16