Елді мекендерге тарихи атауын қайтару ұсынылды (ВИДЕО)
Ал, мораторий күшін жойғанда бұл мәселе қалай болмақ? Талдықорғанда Тіл комитеті ұйымдастырған республикалық басқосуда осы және басқа да өзекті мәселелер көтерілді.
Қуаныш Қанатұлы, тілші:
Такси жүргізушісінің «Кировск, Кировск» деп тұрған елді мекені Балпық би ауылы. Ал, оған іргелес орналасқан ауыл Бақтыбай деп аталады. Бірақ, халық әлі де «Крупская», деп айтып келеді. Қос ауылдың аты ауысқанына 20 жылдан асса да, Кеңес дәуіріндегі атаулар ел ішінде ескірер емес.
Бұл - осы облыстағы бір ғана мысал. Ең бастысы, ауылдар тарихи атауын алды. Ал, қазақ даласында кеңестік кезеңді дәріптейтін елді мекендер әлі де бар.
Жанай Омаров, ҚР Мәдениет вице-министрі:
Керегетас ауылы Пролетарка, Тастөбе Митрофановка деп атала бастады. Сол кезде қазақ атауларын қасақана жойып тастау деген сөз ғой.
Сондықтан, Тіл комитеті мен республикалық онамастика комиссиясында ауыл-аймаққа тарихи атауларды қайтару мәселесі жиі көтеріледі. Сондай-ақ, ол өзгертулерді жылдамырақ заманауи технологияларға енгізу керек.
Нұртөре Жүсіп, «Айқын» республикалық газетінің бас редакторы:
Халыққа қызмет көрсету жүйесін жақсарту үшін елді мекендердің, көшелердің атауларын осы GPS жүйесіне енгізу - болашақ еншісіндегі мәселе.
Жер-су аты - халықтың хаты. Айналаны қоршаған атаулар кейінгі ұрпаққа қалады. Ал, оның мәнді де мағыналы болуына қазіргі буын жауапты.
Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ
Автор
Қуаныш Қанатұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» акциясына қатысты
19.09.2026, 21:27
Дүниежүзілік тазалық күні: Еліміз бойынша жалпыхалықтық сенбілік өтті
19.09.2026, 20:30
Астанада тазылар көрмесі өтті
19.09.2026, 19:35
Шымкентте биыл мыңнан астам отбасыға үй беру жоспарланған
18.09.2026, 20:13
Ақмола астығы Еуропа нарығына шықты
18.09.2026, 20:11
Almaty Superski жобасы өңірдің экономикасы мен туризмін дамытуға серпін береді
18.09.2026, 20:11
Абай облысында ЖИ-ді қолдану жиіледі
18.09.2026, 20:06
Президент елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
18.09.2026, 20:05