Мемлекетке 62 миллион теңге шығын келтіргендер жазадан құтылды
Ал, өмір бойы бас бостандығынан айырылғандарға арналған абақты құрылысы жартылай салынған күйінде қалды.
Тіпті Әділет министрлігі тарапынан «мұндай нысанның қажеттілігі жоқ», деген шешім қабылданды. Әйтсе де, дәл осы мақсатқа бөлінген 4 миллиард теңгеге жуық қаржының нақты қайда жұмсалғаны белгісіз.
Аса ауыр қылмыс жасады, деп сотқа тартылған Қылмыстық атқару жүйесі департаменті басшысының екі орынбасары мен құрылыстың бас мердігері «Еңбек-Тас» мемлекеттік кәсіпорыны басшысы мен оның орынбасарына мемлекеттік айыптаушы рақымшылық заңын қолдануды сұрады.
Сөйтіп, қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды, бюджет қаржысын ұрлады және алаяқтық әрекеттері үшін істі болған күдіктілер сот залында босатылды.
Жұмажан Бейсенбаев, Павлодар қалалық №2 сотының бас маманы:
Сот барысында прокурор кейбір айыптау деректерін алып тастауды сұрады. Сондықтан, күдіктілерге қатысты қылмыстық заңның 314-бабы қолданылып, олар ел Тәуелсіздігіне қатысты жарияланған рақымшылық заңына байланысты босатылды.
Болат АМАНБАЕВ
Автор
Болат Аманбаев
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16