Павлодарда оқушыларға арналған эколагерь ашылды
Яғни, мұндағы жұмыс табиғат, өсімдік және жан-жануарлар әлеміне қызғылықты саяхаттар жасау түрінде ұйымдастырылады.
Балалар күні бойы арнайы тігілген кенеп шатырларда тұрып, табиғат аясында тамақтанады. Экологияны қорғау, туризм бағдарламасы бойынша дәрістерге қатысады.
Биікке өрлеу, суда жүзу, батпақты жерлерден жол табу әдістеріне машықтанады. Тіпті, тоғайлы жерде, шабындық алқаптарында от жағудың қыр-сыры үйретіледі.
Яғни, бұл оқушылардың туризм саласы, экология және орман шаруашылығы мамандықтарына деген қызығушылығын арттыру мақсататында жасалып отыр.
Эколагерь орналасқан №40 мектепте өткен жылы экологиялық мәдениет бағытындағы сыныптар ашылған болатын.
Любовь Задубняк, мектеп директоры:
Біздің мектеп қалалалық болғанымен, ауылдық жердің аумағында тұр. Тоғайлы жер. Қазір елімізде қоршаған ортаны қорғау және оның қорын пайдалдану жөніндегі кәсіби маман иелеріне деген сұраныс жоғары. Сондықтан, балаларды осы бастан табиғат туралы білімді игеруге баулып жатырмыз.
Болат АМАНБАЕВ
Автор
Болат Аманбаев
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16