«Ертіс» футбол клубының басшыларын соққыға жыққандар ұсталды (Толығырақ)
Павлодарлық полиция «Ертіс» футбол клубының директоры Халімжан Ержанов пен клубтың техникалық директоры Болат Ысқақовты соққыға жыққандарды ұстағаны туралы хабардар еткен болатынбыз. Бастапқы бетте тергеушіге бет бақтырмаған күдіктілер қазір қылмысқа қатысты деректерді өздері әшкерелеуде.
Ұсталғандардың екеуі - бұрын сотталғандар. Біреуі - кісі өліміне қатысты, ал екіншісі - ұрлық жасағаны үшін жазасын өтеп шыққан.
Олар бетперде киіп, «Ертіс» футбол клубының басшыларын арматурамен соққыға жыққан. Кеше полиция осы іске тапсырыс берушіні ұстады.
Олар бірден тәжірибелі қорғаушылардың қызметіне жүгінген.
Сұлтан Күсетов, облыстық Ішкі істер департаментінің бастығы:
Төртеуі де біздің қаланың тұрғындары. Біреуі қылмысты ұйымдастырған, қалған үшеуі - орындаушылар. Олардың мінген автокөліктерін де таптық. Әзірге тергеу құпиялылығын сақтау қажет, сондықтан басқа мәліметтерді жария ете алмаймыз.
Болат АМАНБАЕВ
Автор
Болат Аманбаев
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» акциясына қатысты
19.09.2026, 21:27
Дүниежүзілік тазалық күні: Еліміз бойынша жалпыхалықтық сенбілік өтті
19.09.2026, 20:30
Астанада тазылар көрмесі өтті
19.09.2026, 19:35
Шымкентте биыл мыңнан астам отбасыға үй беру жоспарланған
18.09.2026, 20:13
Ақмола астығы Еуропа нарығына шықты
18.09.2026, 20:11
Almaty Superski жобасы өңірдің экономикасы мен туризмін дамытуға серпін береді
18.09.2026, 20:11
Абай облысында ЖИ-ді қолдану жиіледі
18.09.2026, 20:06
Президент елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
18.09.2026, 20:05