Баянауылда өндірілген кірпіш Астанаға тасымалданады
Екібастұз, Павлодар қалаларында шығарылатын кірпіш жіберіліп жатыр. Енді, Астанада салынып жатқан ғимараттар құрылысына Баянауылда күйдірілген кірпіш тасымалданатын болады.
Жергілікті кәсіпкер шағын зауыт салып, еліміздің бас қаласындағы ірі құрылыс компанияларымен келісім шарт жасады. Әрине, жердің шалғайлығынан тасымал қымбатқа түскенімен, Баянауыл кірпішінің сапасы өте жоғары.
Яғни, қоспасы аз, табиғи өнім. Майқайыңның қиыршық тасы үгітіліп, Лекер ауылы аумағындағы қыш топырақпен иленеді.
Нұрсағат Сүлейменов, ауысым басшысы:
Соның бәрін қосып, біз құйма істеп, кірпіш шығарамыз. Бір салғанда 2 минут ішінде 4 кірпіш шығады. Күніне 500-ден 1000 кірпішке дейін шығарамыз.
Жұмабай Сүлейменов, кәсіпкер:
Негізгі құрамы табиғи тас болғандықтан, өніміміз өте сапалы. Бірер уақыттан соң зауытты ұлғайтамыз. Өндіріс қуаттылығы әзірге астаналық компаниялардың тапсырысы ауқымында ғана жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Сонау Баянауылдан Елорданың дамуына үлес қосқанымызға қуанамын.
Болат АМАНБАЕВ
Автор
Болат Аманбаев
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16