Павлодарлық полицейлер 19 бала мінген автобусты апаттан құтқарып қалды (толығырақ)
Екібастұздық полиция қызметкерлерінің жанқиярлығы арқасында оқушылар мінген автобус жол апатынан аман қалғанын бұған дейін де айтқан болатынбыз.
Павлодардан Екібастұзға келе жатқан автобусқа қарама-қарсы бағыттан «Honda» көлігі шыға келеді. Осы мезетте дәл ортаға полиция көлігі келіп килігеді.
Жүйткіп келген «Honda» жылдамдығын тежеп үлгірген жоқ. Ал, мынау - соқтығыстан кейінгі көліктердің кейпі.
Полиция көлігінің жүргізушісі Абдысабыр Закиров ауруханаға жеткізіліп, медициналық көмек көрсетілді. Оның әріптесі Қанат Байысов та аман.
Жол тәртібін қадағалау ротасының экипажы балалар мінген автобусқа жолбасшы болып келе жатқан. Жігіттердің батылдығы арқасында оқушылар аман қалды.
Болат АМАНБАЕВ
Автор
Болат Аманбаев
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16