Талдықорғанда жаңа мешіт ашылды
Мешітте кітапхана, неке қию бөлмесі, дәрігерлер бөлмесі орналасқан. Бұл қала тұрғындарының көптен күткен қуанышы.
Себебі, шаһардағы орталық мешіт құлшылық ететін жамағатқа тар болатын. Жұма, айт намазға келетін ағайын қысы-жазы далада сап түзейтін.
Сәулетіне көркі сай ғибадатхана жетісулықтардың қаржысына көтерілді. Мешіттің салтанатты ашылуына Қазақстан мұсалмандары діни басқармасының төрағасы Ержан Маямеров арнайы келді.
Ержан Маямеров, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бас мүфтиі:
Өзіндік ерекшелігі, қазақтың ою-өрнегі бар, қазақтың иісі шығып тұратын мешіт. Лайым осы мешітіміз имандылыққа бастайтын болсын.
Бұл мешіттің аты «Иман» мешіті. Сондықтан халқымызды имандылыққа бастайтын үлкен шаңырақ болсын.
Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ
Автор
Қуаныш Қанатұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16