Мойынқұм ауданында екі рет сотты болған азамат лауазымды қызмет атқарған
Жамбыл облысының Мойынқұм ауданында бұған дейін екі рет сотты болған азамат «Жұмыспен қамту» орталығының басшысы қызметін атқарып келген. Мұндай өрескелдік прокурорлық тексеріс кезінде мәлім болып отыр.
Мұхит Ескіркепов бұған дейін тап осы қызметті атқарып жүріп сыйбайлас жемқорлыққа барғаны үшін жазаға тартылған болатын. Алайда, кейіннен аудан әкімі, аппарат жетекшісі және кадр қызметінің меңгерушісі оның соттылығына көз жұма қарап, қайтадан орталыққа директор етіп тағайындаған.
Осы жайтты талқыға салған тәртіптік кеңес мүшелері заңсыздыққа жол берген лауазымды тұлғаларға қатысты шара қолдану туралы тиісті орындарға ұсыныс жасады.
Ғани ҚАЛМАХАНОВ
Автор
Ғани Қалмахан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16