Алматылық кәсіпкер Гүлнәр Данилова басқаратын кәсіпорын консервіленген тағамдар мен шұжықтың 30-ға жуық түрін шығарады
Елбасы Жолдауында орта және шағын бизнесті дамытуға Ұлттық қордан 100 миллиард теңге бөлуді тапсырған. Қаржының бір бөлігі ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеу саласына жеңілдетілген несие ретінде берілді.
Бұл - тауар өндірушілердің кәсібін өрге дөңгелетуге үлкен мүмкіндік.
Мемлекеттік қолдауды тиімді пайдаланғандардың бірі - Алматы облысы, Тұздыбастау ауылының тұрғыны Гүлнәр Данилова.
Ол өндірісін өркендету үшін 50 миллион теңге қаражатты 6 пайыздық үстемақымен алды. Ал, «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы аясында «Даму» қоры кепілдікпен көмектесті.
Қаржы консервіленген тағам өнімдерін өндіру технологиясын жаңартуға жұмсалды.
Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ
Автор
Қуаныш Қанатұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16