ОҚО-да «Жасыл өнімге-жасыл жол» рұқсат қағазы бар жүк көліктерін тексеруге тыйым салынды
ОҚО-да жыл сайын 1 миллион тоннадан астам бақша өнімі жиналады. Бұл өңірдің ішкі қажеттілігінен 10 есе артық. Ал, көкөніс 4 еседей көп егіледі. Бұл жердегі басты қиындық өнімді сыртқа апарып сату.
Енді көлік инспекторлары көкөніс керуендерін бұрынғыдай әрбір бекетте тоқтатып, тиелген жүктің салмағын өлшеймін деп әуреге сала алмайды.
Сапарға шығар алдында бір рет қана тексеріп, жүргізушінің қолына арнайы сертификат береді. Бұл құжат жүкті діттеген жеріне дейін жеткізгенше жарамды.
Өңірде бау-бақша мен көкөністі ең көп өсіретін - Мақтарал, Шардара және Сарыағаш аудандары. Сондықтан көлікті бақылайтын жылжымалы зертханалар осы аймақтарға шоғарыланады. Ал, «Жасыл өнімге-жасыл жол» акциясы күзге дейін жалғаспақ.
Ғани ҚАЛМАХАНОВ
Автор
Ғани Қалмахан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16