Басты Жаңалықтар ОҚО-да биыл атауы дұрыс жазылмаған 566 нысан анықталған

ОҚО-да биыл атауы дұрыс жазылмаған 566 нысан анықталған

Оңтүстік Қазақстан облысы қазақылықтың ортасы саналғанымен, ұлттық тілдің жайы мұнда да оңып тұрған жоқ. Жұрт назарын еріксіз өзіне аударатын жарнама тақтайшалары мен мекеме атауларында қате жетіп жатыр. Ол аздық еткендей, өзге тілден тікелей аударылған мағынасы бұлыңғыр сөз тіркестері мен сөйлемдерге де көрікті жерлерден орын тиген. Мұндай қателіктерді көбіне коммерциялық нысандар жіберіп жатады. Биыл жыл басынан бері облыс аумағында атауы дұрыс жазылмаған 566 нысан анықталған. Бүгінгі таңға дейін оның 300-дейі тілдік нормаға сай түзетілген болса, қалғаны сол қалпы тұр. Ал, Тілдерді дамыту басқармасындағылар мұндай нысандарды тексеруге қауқарсыз. 

Бастарбек Есқараев, Тілдерді дамыту, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы:

- Тексеру құқы берілгенімен, тексеру парағы деген болады. Өкілетті органнан-министрліктен тексеру парағы бекітілуі керек. Оның бекітілмеуінің себебі , қазір тексерулер саны шектелген. Сол үшін тексеру жүргізілмейді.

 

Ғани ҚАЛМАХАНОВ

Бөлісу