Алматы облысындағы ауылдарда учаскелік полиция қызметінің тірек пункттері ашыла бастады
Бұл бекеттердің басты ерекшелігі - тәртіп сақшысының үйі де, кеңсесі де бір ғимаратта орналасқан. Осы уақытқа дейін учаскелік полицейлер ауыл әкімдігінің бір бөлмесін паналайтын. Баспана мәселесі де қиын болатын. Жаңа бастама полиция қызметкеріне де, ауыл тұрғындарына да ыңғайлы. Инспектор өз жұмыс орнынан табылып, отбасының қамына алаңдамайды. Жыл соңына дейін өңірде 63 осындай жаңа тірек бекеттері ашылады. Ғимараттар құрылысына облыс бюджетінен 1,2 млрд. теңгеге жуық қаржы бөлінген.
Нұрлан Ғалиев, Екіаша ауылдық округінің учаскелік инспекторы:
- Мен қызмет атқаратын әкімшілік аймақта 5470 адам тұрады. Халықтың құқығын қамтамасыз етуге аянбай, отбасымыздың қасында алаңсыз қызмет етеміз.
Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ
Автор
Қуаныш Қанатұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16