Басты Жаңалықтар 2015-2016 жылдары елордада жасөспірімдер арасында тіркелген қылмыстар саны екі есеге өскен

2015-2016 жылдары елордада жасөспірімдер арасында тіркелген қылмыстар саны екі есеге өскен

2015-2016 жылдары елордада жасөспірімдер арасында тіркелген қылмыстар саны 133-тен 206-ға дейін, яғни екі есеге өскен. Ал, заң бұзған балалардың 149-ы жағдайы жақсы отбасылардан. Бұл қылмысқа барғандардың 80 пайыздан астам үлесі. Бұл туралы бүгін Астана қалалық прокуратурасында өткен жиында айтылды. Құзырлы мекеме өкілдері қылмыстың алдын алу үшін арнайы жоба бастаған. Нәтижесінде соңғы 4 айда тіркелген қылмыстар 36 пайызға азайыпты. Ал, Астана қаласы бойынша қазіргі таңда 6 бала мектепке барудан бас тартып отыр. Олар да жағдайы жақсы отбасылардан. Алайда, мектепке баруға ынталары жоқ. Қазір олардың мәселелерін арнайы комиссия қарауда.

Дана Мулакова, Астана қаласы прокурорының аға көмекшісі:

- Қазіргі таңда бұл жасөспірімдер бойынша нақты шешім қабылданған жоқ. Жұмыс жүргізіліп жатыр. Ата-аналарды және олардың балаларын қандай да бір жауапқа тарту жайлы шешімді комиссия қабылдайды.

 

Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ

Бөлісу