Шымкентте 295 мың тонна азық-түлік қоймада сақтаулы
Оңтүстік Қазақстан облысында қыс және көктем айларында азық-түлік бағасын тұрақты ұстау үшін 2,5 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімі қоймаға қойылды. Тұтынушымен арадағы сауда-саттықты реттеу мақсатында өңірдегі тұрақтандыру қоры Шымкенттегі көлік-логистикалық орталықтың әлеуетін тиімді пайдалануда. Олар бұл жерден аумағы 4 мың шаршы метр болатын қойманы жалға алған. Соның арқасында нарықта пияз 50, сәбіз 80, картоп 85 теңгеден сатылуда. Жергілікті тауар өндірушілер өнімін делдалсыз сатып, бағаны нарықтағыдан 15-20 пайызға төмен ұстап отыр. Енді тұрақтандыру қорында ет және ет өнімдері де сақталмақ.
Маратбек Мырзамұратов, «Шымкент» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы төрағасының орынбасары:
- Атқарылған жұмыстың арқасында қараша айына белгіленген индекс облысқа 101 пайыз болса, біз соны 98,6 пайызға түсіріп, оң нәтиже беріп отырмыз. Тауар өндірушінің интервенциясы уақытылы және жақсы жүргізілгенінің арқасында.
Ғани ҚАЛМАХАНОВ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы