Еліміздегі суармалы егіс алқаптары ұлғайтылмақ
Еліміздегі суармалы егіс алқаптарының көлемін тағы 610 мың гектарға көбейту мүмкіндігі бар. Ол үшін таяу арада иррагациялық жүйелерді қалпына келтіру жұмыстарын бастау қажет. Ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеевтің қатысуымен Шымкент қаласында өткен жиында саланың мұнан өзге де өзекті мәселелері сөз болды. Мәжілісте сөз алған шаруалар Үкіметтен егін науқаны кезінде минералды тыңайтқыштар бағасын бақылауға алуды сұрады. Сондай-ақ, озық технологияларға негізделген жабдықтарды сатып алуға берілетін мемлекеттің қаржылай қолдауына тиімді өзгеріс енгізуді ұсынды. Бұл мәселелер министрлік тарапынан жуық арада шешімін таппақ.
Мәжіліске Жамбыл, Алматы, Қызылорда, Шығыс және Оңтүстік Қазақстан облыстарының аумақтық инспекция басшылары, шаруа қожалығының иелері қатысты.
Сонымен қатар, жиында зиянкес жәндіктермен күресу жұмыстарының жайы да талқыланды. Бұл саладағы жаңашылдық шегірткенің таралу аумағына мониторинг жүргізуді бақылау үшін GPS трекерлер мен GPS навигаторлар қолданылады.
Ислам Әбіш, Су ресурстары комитетінің төрағасы:
- Жаңадан ашылатын 1,5 миллион және кейін қосылатын 610 мың гектар жерлерге ірілінген якорлық базалық мекемелер құрамыз деген мақсат қойып отырмыз. Сонда ғана біз алдыңғы қатарлы агротехникалық және суарудың тиімді тәсілдерін пайдаланамыз.
Ғани ҚАЛМАХАНОВ
«Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын AppStore және Play Market сервистерінен тегін жүктеп алыңыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы