Оңтүстік Қазақстан облысында 62 мың шөлмек арақ тәркіленді
Оңтүстік Қазақстан облысында заңсыз жолмен арақ-шарап жасау, оны сатумен айналысқан кәсіпкердің ісіне тосқауыл қойылды. Тексеріс кезінде Сайрам ауданының тұрғыны Элхан Валиевтің үйінен 40 тонна спирттік ішімдік тәркіленді. Оның нарықтағы бағасы 4 миллион 940 мың теңге болып отыр. Кәсіпкер акцизделмеген өнімді Сарыағаш және Мақтарал аудандарындағы базарларда саудалап келген.
Спиртті ішімдіктер «Пшеничная», «Фляжка», «Русская» және «Тау» секілді сауда белгісі бойынша сатылған. Осы оқиғаға байланысты қылмыстық істі қараған Сарыағаш аудандық соты Валиевті кінәлі деп тапты. Сот шешімі бойынша оған мың айлық есептік көрсеткіш көлемінде, яғни 2 миллион 269 мың теңге айыппұл салынды. Сондай-ақ, сот ұйғарымына байланысты рейд кезінде тәркіленген арақ-шараптар түгелдей жойылды.
Қайрат Ибрагимов, Әділет департаменті Абай аудандық сот орындаушылар бөлімі басшысының міндетін атқарушы:
- Қазіргі уақытта 42 мың 163 мүлікті тәркілеу және оны жоюға арналған атқару өндірісі бар. Соған байланысты біз 42 мың 163 бөтелкені тәркілеп, ары қарай жоямыз.
Ғани ҚАЛМАХАНОВ
«Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын AppStore және Play Market сервистерінен тегін жүктеп алыңыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы