Алматы облысының Сарқан қаласында милиция генерал-лейтенанты Әбдіқадыр Болсамбековке ескерткіш қойылды
Қазақстан полициясы күні қарсаңында Алматы облысының Сарқан қаласында милиция генерал-лейтенанты, соғыс ардагері Әбдіқадыр Болсамбековке ескерткіш қойылды. 1947 жылы соғыс майданынан аман-есен оралған Әбдіқадір Болсамбеков сол уақыттан бері Ішкі істер органдарында жұмыс істеді.
Қатардағы қызметкерден бөлім басшысына дейін көтерілді. Мәскеудегі жоғарғы милиция мектебін бітіріп, туған өңірі Талдықорғанда ұзақ жылдар қызмет етті. Генерал құрметті демалысқа шыққаннан кейін де ұрпақ тәрбиесіне, қоғамдық жұмыстарға етене араласты. Бірнеше буын тәртіп сақшыларын тәрбиеледі.
Ахметжан Мұқажанов, Ішкі істер саласының ардагері:
- Бұл кісі ішкі істер органдарының азаматтарына нағыз үлгі.
Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы