Алматы облысының Текелі қаласында Астана күніне орай мәдени-көпшілік ойын алаңы ашылды
Қора өзенінің жағалауында балаларға арналған ойын алаңқайы жастарға арналған street workout кешені және алтыбақан қала тұрғындары мен қонақтарының бос уақытын тиімді өткізетін орнына айналмақ. Демалыс орнын шаһар кәсіпкерлері Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласының «Туған жер» бағдарламасы аясында салып берді. «32 мың тұрғыны бар Текелі моноқаласының экономикалық жағдайы жақсарған сайын орта және шағын бизнес өкілдері әлеуметтік жауапкершіліктерін сезіне бастады», - дейді қала басшылығы.
Бақытгүл Сәрсенбаева, Текелі қаласының тұрғыны:
- Балаларымыздың еркін ойнауына, жазғы демалысын жақсы өткізуіне үлкен ойын алаңы ашылып жатыр. Біздің қаламыз өзі табиғаты жағынан ерекше, әдемі қала. Міне, сол қаламызға Астананың 20 жылдығы қарсаңында үлкен тарту болғанына өте қуаныштымыз.
Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы