Басты Жаңалықтар Шымкенттегі дәмханадан ас ішкен 3 жастағы бүлдіршін көз жұмды

Шымкенттегі дәмханадан ас ішкен 3 жастағы бүлдіршін көз жұмды

Шымкент қаласында анасымен бірге дәмханадан ас ішкен 3 жасар бүлдіршін ауруханада көз жұмды. Бұл жөнінде марқұмның анасы Әмина Өтегенова әлеуметтік желідегі парақшасына жазған. Оның айтуынша, олар өткен сенбі күні қаладағы кафелердің бірінде тамақтанған. Ертеңіне баласы тоқтаусыз құса бастаған соң жедел жәрдем шақыртып, ауруханаға барған.

Дәрігерлер қызды анасынан бөліп алып, балалар бөліміне жатқызған. Бірнеше екпе мен жасалған ем-домнан соң науқастың қызуы әлсін-әлсін төмендеп кеткен. Ақырында бүлдіршіннің тынысы тарылып, қысыла бастаған соң жансақтау бөліміне ауыстырылған.

Алайда, науқастың жағдайы мұнан әрі ауырлай түскен. Оның бүйрегі мен жүрегінің қызметі нашарлап, дәрігерлердің қолында жан тәсілім еткен. Қайғылы оқиғаның себеп-салдарын анықтау мақсатында қазір Шымкент қалалық Денсаулық сақтау басқармасы қызметтік тексеріс жүргізіп жатыр. Құзырлы орган әзірге ешқандай түсініктеме бермей отыр.

Ғани ҚАЛМАХАНОВ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

Бөлісу