Шымкентте емделуге барған 30 жастағы азамат дәрігерлердің қолында жан тапсырды
Шымкент қаласындағы жекеменшік клиникалардың біріне емделуге барған 30 жастағы азамат дәрігерлердің қолында жан тапсырды. Марқұмның туыстарының айтуынша, ерлі-зайыптылар көптен бері перзент сүйе алмай жүргендіктен мамандардың көмегіне жүгінген.
Медициналық тексерістен соң отағасына екпе егіледі. Сол сәтте оның жағдайы нашарлап, көп ұзамай қайтыс болып кеткен. Туыстары екпені науқастың ағзасы қалай қабылдайтынын алдын ала тексеріп алмай, бірден салып жіберді деп клиника қызметкерлерін кінәлап отыр. Қайтыс болған азамат Шымкент қаласы Ішкі істер департаментінің қызметкері болып шықты.
Осы оқиғаға байланысты құқық қорғау орындары «медицина қызметкері кәсіби міндетін дұрыс атқармады» деген бап бойынша қылмыстық іс қозғады. Тергеу және тексеру амалдары жүріп жатыр.
Ғани ҚАЛМАХАНОВ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы