Басты Жаңалықтар Түркістан облысының білім саласын жемқорлық жайлап барады

Түркістан облысының білім саласын жемқорлық жайлап барады

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының мәліметінше, былтыр 52 миллион теңге қазынаға қайтарылса, биыл 9 айда ғана бұл сома 46 миллионға жетіп отыр. Ең сорақысы - мектеп пен балабақшаларға  жұмысқа орналасу, қызметкерге ерекше қамқорлық көрсету секілді шаруаларға қатысты берілетін параның мөлшері белгіленіп қойған.

Мәселен, Түркістанда мектепке мұғалім болып кіру үшін басшыларға 500 мыңнан бастап, 1 миллион теңгеге дейін пара беру керек. Ал, лаборант немесе еден жуушы болып орналасу үшін 150 мен 300 мың теңге аралығында ақша ұсыну керек. Мұнан бөлек, білім ұяларында ұстаздардан ақша жинау да кең етек алған. Оқу жылы бойына мұғалімдерден тексеру комиссияларына ауызбастырық беру үшін, мектепке  қажетті бұйымдар сатып алу, мұғалімдердің санатын жоғарылату, түлектерді ҰБТ сынағына дайындау секілді сан сылтаулармен үздіксіз ақша жиналатыны анықталып отыр.

Ғани ҚАЛМАХАНОВ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Бөлісу