Атырауда лаңкестік жасады деп айыпталған Елдос Күншығаров Түркиядан елімізге экстрадицияланды
Бұл еліміздің арнаулы қызмет өкілдерінің өте жіті әзірленіп, табысты іске асырылған кешенді шараларының нәтижесі. Ауған-Пәкістан шекарасы маңында жасырынып жүрген ол кейін сыбайластарымен топ құрып, Сирияға өтіп кетпек болған көрінеді. Бас прокуратура баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, ол 2011 жылы Атырау қаласы аумағында лаңкестік әрекет жасады деп айыпталуда. Күншығаров заңға қайшы әрекетінен кейін ізін жасырып, оған халықаралық іздеу жарияланған. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті түркиялық әріптестерімен үйлесімді жұмыс істеуі нәтижесінде күдікті елге жеткізіліп, Атырау қаласындағы тергеу изоляторына қамалды. Тергеу амалдары аяқталған соң сот алдында жауап береді.
Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16