Шымкентте психоневрологиялық анықтамалар 350 теңгеден сатылған
Түркістан облысы мен Шымкент қаласына қарасты бірқатар медициналық емдеу орындары тегін берілуі керек анықтама қағазын науқастарға заңсыз сатып келген. Шымкент қаласының прокуратурасы жүргізген тексеріс кезінде наркологиялық және психоневрологиялық анықтаманың 350 теңгеден сатылғаны анықталды. Заңсыз, ақылы қызмет түрі мұнымен бітпейді. Туберкулез диспансерінен алатын анықтама да ашық саудаланып келген. Медициналық мекемелердің басшылары биылғы жылдың 2 қазынанан бастап қызметтің бұл түрі тегін жүргізілуі керек деген Үкімет қаулысын қаперге алмаған. Осылайша, бар-жоғы 8 күннің ішінде 5,5 миллион теңгеге анықтама қағазын сатқан. Заңсыз табыстың 90 мың теңгесі өкпе аурулары диспансеріне, 2 миллионнан астамы психоневрологиялық аурухананың, тағы 2,5 миллион теңге наркологиядан емдеу орнының үлесінде. Прокуратура тарапынан жүргізілген тексерістен кейін анықтамаларды сату ісі тоқтатылды.
Ғани ҚАЛМАХАНОВ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы